Ата-аналар конференциясы: ынтымақтастық пен өзара түсіністік алаңы.

30.09.2026

Құрметті әріптестер!Ата-аналарконференциясын жоғары деңгейде ұйымдастырып, өткізгендеріңіз үшін баршаңызға шын жүректен алғысымды білдіремін! Әсіресе сіздердің тренингтеріңізді ерекше атап өткім келеді. Олар өте әсерлі, шынайы әрі бүгінгі күн үшін аса өзекті болды. Тренинг барысында тек кәсіби шеберліктеріңіз ғана емес, ата-аналармен жақын қарым-қатынас орнатып, оларды түсінуге және балаларымызды қолдаудың тиімді жолдарын бірлесе іздеуге деген шынайы ниеттеріңіз де байқалды.Сіздер өздеріңіздің жоғары кәсіби деңгейлеріңізді, педагогикалық мәдениеттеріңізді және командалық жұмысқа деген қабілеттеріңізді тағы бір мәрте көрсеттіңіздер. Осындай кездесулер ата-аналардың мектепке деген сенімін нығайтып, ұжымымызға деген оң көзқарасты қалыптастырады және ең бастысы, мектебіміздің беделін арттырады деп сенемін.Осы кездесуге өз күшін, уақытын, жүрегін және тың идеяларын арнаған әрбіріңізге ерекше алғыс айтамын. Сіздердің еңбектеріңіздің арқасында мектебіміз балалар білім алатын орын ғана емес, ынтымақтастық, сенім мен өзара түсіністік орнаған ортаға айналып келеді. Сіздермен мақтанамын! Еңбектеріңізге, бастамашылдығыңызға және әр іске шынайы жанашырлықпен қарайтындарыңызға үлкен рақмет!

Просмотров: 14


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу